
Қазіргі уақытта ауданда 999 мүгедек тұрады. Әрбір мүгедекке сауықтыру, протездік-ортопедиялық көмек көрсету, сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен, жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге байланысты проблемаларды ескере отырып әзірленетін оңалту іс-шараларының кешені қажет. Жұмыс денсаулық сақтау қызметкерлерімен, үкіметтік емес ұйымдармен және ауылдық әкімдіктермен тығыз байланыста жүргізіледі.
Бүгінгі күні ауданда "қолжетімді орта" интерактивтік картасына 60 нысан (2012-2017 ж.– 44, 2019 ж. -16) паспортталды және енгізілді. 16 білім беру және мәдениет нысанына қол жетімділік паспорты әзірленіп, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына берілді. Мониторинг нәтижелері бойынша облыстық жұмыс тобы ауданның 6 әлеуметтік-маңызды нысаны бойынша ұсыныстар берді (Ақмол №5 ОМ, АМҮ, №1 ХҚКО, аудандық әкімдік, ОАЕ, Қазақтелеком).
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңның 31 және 32-баптарына сәйкес мүгедектердің жұмысқа орналасуға және еңбек қатынастары саласында құқықтарын қорғауға тең құқығы бар.
2020 жылдың 1 маусымына мүмкіндігі шектеулі 37 адам өтініш білдірді, 36 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жастар тәжірибесі бойынша 1 адам, 12 мүгедек қоғамдық жұмысқа, 23 адам тұрақты жұмыс орындарына.
Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғаларға мониторинг жүргізіледі, арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіледі - үйде қызмет көрсету, медициналық-әлеуметтік мекемелерге ресімдеу.
Бүгінгі күні үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 5 мүгедек балаға және 108 жалғыз тұратын қарт және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Бөлімшеде 26 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Халыққа қызмет көрсету саласында үкіметтік емес ұйымдардың қызметі дамуда. Целиноград ауданында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында бүгінгі таңда ҮЕҰ арқылы 7 мемлекеттік тапсырыс жүзеге асырылуда:
Целиноград ауданының "БОЛАШАҚ" мүгедектер қоғамдық бірлестігі жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 76 мүгедекке жеке көмекшінің қызметін көрсетеді, 2020 жылға қызмет сомасы аудандық бюджеттен 21042,0 мың теңгені құрайды, 8901,3 мың теңге игерілді.
- "Батыр" қоғамдық бірлестігі 52 мүгедек балаға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Жартылай стационарда балаларға 7 әлеуметтік-тұрмыстық қызмет (жеке гигиеналық қызмет көрсету, көлік қызметін көрсету), әлеуметтік-медициналық қызмет (дәрігерге дейінгі көмек көрсету, медициналық консультация беру, ЕДШ, массаж), әлеуметтік-психологиялық қызмет (тренингтер, консультация беру, психокорекция, психологиялық көмек), әлеуметтік-педагогикалық қызмет (білім алуға жәрдемдесу, тұрмыстық бағдарлау негіздеріне оқыту, балаларды педагогикалық түзету, балаларды арнайы бағдарламаларға оқытуды ұйымдастыру), әлеуметтік-мәдени қызмет (мерекелерді, үйірмелерді ұйымдастыру), әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық қызметтер (консультация беру, құжаттарды ресімдеуге, өтініштер беруге көмек көрсету). 2020 жылға жасалған шарт сомасы республикалық бюджеттен 28660,0 теңгені құрайды. Күніне 1 балаға қызмет құны 2589 теңгені құрайды, 4510,1 мың теңге игерілді.
- Целиноград ауданының "БОЛАШАҚ" мүгедектер қоғамдық бірлестігі 22 мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға (мүгедектерге және дербес қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға) үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Барлық алушыларға 8 қызмет көрсетіледі: әлеуметтік-тұрмыстық (жеке гигиеналық қызметтер, үйден тыс жерде алып жүру, тамақ дайындауға, заттарды жууға, үйді және көшені тазалауға көмек көрсету, Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, пештерді жағуға, көмір, су жеткізуге көмек көрсету), әлеуметтік-медициналық қызметтер (дәрігерге дейінгі көмек көрсету, МӘСК-не көмек көрсету, медициналық рәсімдер жүргізу), әлеуметтік-психологиялық қызметтер (әлеуметтік психологиялық көмек, әңгімелесу, қолдау көрсету), әлеуметтік-педагогикалық қызметтер, әлеуметтік-Еңбек қызметтері, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық қызметтер. 2 020 жылға жасалған шарт сомасы 4827,0 мың теңгені құрайды, республикалық бюджеттен 1200,0 мың теңге игерілді. . Қызмет құны 1 қамқорлықтағы адамға күніне 1090 теңгені құрайды.
- "Адал Ниет Астана" Жеке Қайырымдылық Қоры Ақмола облысы бойынша психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға 31 адамға стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. 2020 жылға сомасы 42029,1 мың теңгені құрайды, облыстық бюджеттен 15561,6 мың теңге игерілді. Күніне 1 мүгедекке қызмет сомасы 2944,45 теңгені құрайды
- "Қорғау-Астана" жеке қоры тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. 2020 жылға сомасы 7177,0 мың теңгені құрайды: республикалық бюджеттен 1628,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 5549,0 мың теңге, 3672,1 мың теңге игерілді. Күніне 1 қызмет алушыға арналған сома 4969 теңгені құрайды.
- Целиноград ауданының "Батыр" мүгедектер қоғамдық бірлестігі мүгедек балаларға (35 мүгедек бала) инвотакси қызметін көрсетеді. 2020 жылға жасалған келісім шарт сомасы 2200,0 мың теңгені құрайды.
- Целиноград ауданының "БОЛАШАҚ" мүгедектер қоғамдық бірлестігі ересек мүгедектер үшін инвотакси қызметін көрсетеді.(75 адам). 2020 жылға жасалған шарт сомасы жергілікті бюджеттен 2100,00 мың теңгені құрайды.
Үйде тәрбиеленетін және оқитын 23 мүгедек бала материалдық қамтамасыз етілді, 835,1 мың теңге төленді. Ауданда мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған оңалту жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда 2020 жылдың наурыз айынан бастап әлеуметтік қызмет көрсету порталы жұмыс істей бастады, 2021 жылға дейін барлық қалған қызметтер порталға енгізіледі.