Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

Нұр-Сұлтан қаласының азық-түлік белдеуінің жобаларын іске асыру барысы туралы

Нұр-Сұлтан қаласының азық-түлік белдеуінің жобаларын

іске асыру барысы туралы ақпарат

 

2020 жылдың 1 мамырына 2019 жылмен салыстырғанда мал басының өсуі және мал шаруашылығы өнімдерінің өндіру артуы байқалады: ІҚМ - 38 520 бас, 101,7%. Жылқы - 21 555 бас, 103,4%. Мал мен құс союға тірі салмақта 9 730,8 тонна өткізілді, 110,4%. Сиыр сүтін өндіру 11 885,2 тонна, 107,8%.

Ақмола облысының АӨК дамытудың өңірлік бағдарламасында аудан бойынша 50 км радиуста Нұр-сұлтан қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуінің жобаларын іске асыру шеңберінде 3,6 млрд. теңге сомасына 17 жоба пайдалануға берілді, оның ішінде: 5 жоба суармалы егіншілікпен байланысты, 1 жоба ешкі фермасын кеңейту бойынша, 1 жоба мал бордақылау алаңын салу бойынша, 3 жоба сүт-тауар фермасын құру бойынша, 8 жоба ет фермасын құру бойынша.

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ арқылы – 2 жоба, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы - 5 жоба, қалған 10 жоба басқа көздерден және өз қаражатынан қаржыландырылды.

 

Жобалар бойынша ағымдағы жағдай:

Ешкі шаруашылығы.

1) «Зеренда» асыл тұқымды шаруашылығы» ЖШС - сауын табынның ешкілерін 5000 басқа ұлғайту. Жоба 605 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Қазіргі уақытта 1280 ешкі сатып алынды. Өндіріс іске қосылды. Қажымұқан ауылы.

Сүт-тауар фермалары.

1) «Family Farm» ЖШС - 400 басқа арналған МТФ). Жобаның құны-400 млн. теңге. Қазіргі уақытта пайдалануға берілді . Байжер ЖШС афилирленген фирмасында 12,7 мың га жер бар (жоба аяқталды және пайдалануға берілді, 2020 жыл). Қараменді батыр ауылы.

2) «АФ Алтай» ЖШС - 100 бас ірі қара малға (жоба 2019 жылы пайдалануға берілді). Жобаның құны 70 млн.тг. с. Ақмешіт.

3) «Жасыл Жайлау» ЖШС - 50 басқа арналған МТФ. Жобаның құны-135 млн. теңге. Қазіргі уақытта пайдалануға берілді. Қараөткел ауылы.

Ет фермалары.

1) «Компания «Алтын қазық» ЖШС - 500 бас ІҚМ. Жобаның құны - 250 млн. теңге. Қазіргі уақытта қуаттылығы жылына 10 мың тонна ІҚМ және 5 мың тонна ұсақ мал ет комбинаты бар. 1500 бас ІҚМ аналық мал басы және 1000 малға арналған сою алаңы бар. Қосшы ауылы.

2) «Агропарк» ЖШС - 5000 бас ірі қара малға. Жобаны «АКК» ақ 525 млн.теңгеге қаржыландырды. 2019 жылы 1000 бас ІҚМ әкелінді. (жоба аяқталды және пайдалануға берілді, 2020 жыл). Қабанбай Ауылы.

3) «Сабитов» шаруа қожалығы - 100 бас ІҚМ. Жобаның құны 170 млн. теңге. Қазіргі уақытта АКК арқылы 200 басқа қаржыландырылды. (200 бас ІҚМ мал ұстауға арналған үй-жай салынды, құжаттарды ресімдеу кезеңінде, 200 бас ІҚМ аналық мал сатып алынды).

4) «Бірғаным» ЖШС - 240 бас ІҚМ. Жобаның құны 50 млн.тг. Жоба аяқталды және пайдалануға берілді. с. Қоянды.

5) «Сивка бурка» ШҚ - 138 бас ІҚМ. Жоба 79 млн. теңгеге қаржыландырылды. (жоба пайдалануға беру кезеңінде аяқталды, 2020-2021 жж.). с. тай-төбе.

6) ЖК «Ибрахим» - 80 бас ІҚМ. Жобаның құны 40 млн.тг. Жоба аяқталды, пайдалануға берілді. Жаңаесіл ауылы

7) «Сұңқар» ШҚ - 45 бас ІҚМ. Жоба 39 млн. теңгеге қаржыландырылды. Қазіргі уақытта «Жәке» ШҚ жеткізушісі арқылы 45 бас ірі қара мал сатып алынды. с. Софиевка.

8) «Сәтжан Би» ЖШС - 200 бас ірі қара малға (жоба пайдалануға берілді). Жобаның құны 40 млн.тг. с. Рақымжан Қошқарбаев.

Суармалы егіншілік.

1) «GreenStar» ЖШС - 338 га суармалы жер телімі. Жоба іске асырылды.

2) «Берекет Экспорт» ЖШС - 4 га суармалы жер телімі және 0,25 га жылыжайы. Жоба іске асырылды.

3) «Зеренда» асыл тұқымды шаруашылығы» ЖШС - 300 га суармалы учаске. Қазіргі уақытта раелизованный.

4) «Қазсушар» РМК «Алва» - көлемі 12000 га. лиманды суару бөгеттер мен құрылыстар қалпына келтірілді, су өткізу үшін бас ғимараттың құрылысы қаржы қаражатының болмауына байланысты аяқталмаған.

5) «Астана-Өнім» АҚ - 230 га алқаптағы суармалы учаске. Қазіргі уақытта жаңбырлатқыш қондырғылар пайдалануға берілді.

Дата публикации
01 июня 2020
Дата обновления
01 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы