
2020 жылғы 01 маусымына Целиноград ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпарат
Бағдарламаны іске асыру барысында Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 987 адам өтініш білдірді, оның ішінде жұмысқа орналасқандардың жалпы саны 926 адам немесе 93,8 % жұмысқа орналастырылды.
«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бірінші бағыт шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуына 30 адам жоспарлануда.
Қысқа мерзімді оқытуға республикалық бюджеттен 5813,0 мың теңге бөлінді.
Бағдарламаның екінші бағыты аясында кәсіпкерлік негіздеріне «Бастау Бизнес» жобасына 139 адамға жолдама берілді, оқу 10.06.2020 жылдан бастап онлайн режимде жоспарлануда.
Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша шағын несие алуға 27 жолдама берілді. Оның ішінде 7 адам шағын несие алды. Берілген микрокредиттің жалпы сомасы 31000,0 мың теңгені құрайды.
Несие мал шаруашылығын дамытуға (жылқы, ІҚМ, қой), наубай хана ашуға, жүк автомобильдерін және автобустарды сатып алу үшін берілді.
Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік гранттарды 200 АЕК (530200 теңге, ағымдағы жылдың 01 сәуіріне дейін АЕК 2651 теңгені құрады) дейін ұсыну республикалық бюджеттен 15906,0 мың теңге бөлінді. 2020 жылдың 01 маусымына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 5 адам грант алды, жоспар бойынша 30 адам.
«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты Жастар тәжірибесі, Әлеуметтік жұмыс орны, қоғамдық жұмыстар сияқты компоненттерді қамтиды.
Жастар тәжірибесіне 7 адам жіберілді, жоспар бойынша 43 адам.
Республикалық бюджеттен 16748,0 мың теңге бөлінді, 1061,0 мың теңге игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 15 адам жолданды, жоспар бойынша 10 адам. 1 адам әлеуметтік жұмыс орнында мерзімінен ерте аяқтады.
Республикалық бюджеттен 5055,0 мың теңге бөлінді, 1700,0 мың теңге игерілді.
Қоғамдық жұмыстарға 158 адам жіберілді, оның 12-і мүгедек. Жіберілгендердің 16-сы жұмыстан босатылды, тұрақты жұмыс орындарына 10 адам жұмысқа орналастырылды (объективті себептермен 6 адам жұмысқа орналастырылмаған: 4 – қайта жіберілді, 2 – денсаулық жағдайы бойынша).
Жергілікті бюджеттен 49550,0 мың теңге және республикалық бюджеттен 45000,0 мың теңге қаражат бөлінді. 17396,6 мың теңге игерілді.