
2024 жылдың қорытындысы бойынша ауданда дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын 36 934 адам бар, бұл халықтың жалпы санының 43% құрайды.
Бір жыл ішінде 7000-нан астам адамның қатысуымен 90-ға жуық бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ауданда спорттық инфрақұрылымды дамыту белсенді түрде жалғасуда. Спорт нысандарының саны 99-ға жетті, 2024 жылы жеке инвесторлар Қараөткел, Талапкер және Қоянды ауылдарында футбол манеждерін, «Нұрлы» ТК стадионын, Қоянды ауылында жабық және ашық үлгідегі шағын футбол алаңдарын салды.
Балалар мен жасөспірімдерді дамыту үшін аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі үлкен мүмкіндіктер ашады, онда спорттың 20 түрі бойынша оқу-жаттығу сабақтары өткізіледі.
2024 жылы Целиноград ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары әртүрлі спорт түрлері бойынша тамаша нәтижелер көрсетті. 1 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаса, 3 спортшы спорт шебері атанды, 72 спортшы спорт шеберіне үміткер, ал 14 спортшы жалпы разрядтарға ие болды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша спортшылар 599 медаль жеңіп алды, оның ішінде 205 алтын, 149 күміс және 205 қола.
Сонымен қатар, олимпиадалық емес спорт түрлеріне, ұлттық спорт түрлеріне және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлеріне белсенді қолдау көрсетіледі.
«Ақ бидай-2024» жазғы спартакиадасында аудан командасы 3-орын, «Хрустальный колос-2024» қысқы спартакиадасында – 5-орын, «Құлагер-2024» спартакиадасында - жалпы командалық 7-орын, көкпардан 1-орын алды.