
Халықты жұмыспен қамту орталығы бойынша 2022 жылғы
Ақпарат
Целиноград ауданында жалпы жұмыссыздық деңгейі ресми деректер бойынша 0,1% құрайды, «Еңбек нарығы» ААЖ деректеріне сәйкес (57 тіркелген жұмыссыз/экономикалық белсенді халық 70685 адам*100). Ауылдық әкімдіктердің деректеріне сәйкес жұмыссыздық деңгейі 0,5 % (ауылдық әкімдіктердің деректері бойынша 408 жұмыссыз).
Жұмыспен қамту қызметінің көмегімен 2022 жылғы 31 желтоқсанға өңірде 975 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылды, оның ішінде Ұлттық жобалар шеңберінде 525 адам (ХҚКО арқылы 154 адам, Өңірлік карта арқылы 371 адам), бос жұмыс орындарына 429 адам орналастырылды.
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы шеңберінде Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен – 218 адам қамтылды:
- Күміс жас – зейнеткерлік жасқа дейінгі 3 адам жұмысқа орналастырылды. 1 адам бітірді, оның ішінде 1 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды. 2023 жылға ауысатын 2 адам.
- Жастар практикасы – Жастар арасынан 26 адам жіберілді, 26 адам аяқталды, оның ішінде 19 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды.
- Әлеуметтік жұмыс орындарына – 26 адам жұмысқа орналастырылды, 26 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына-23 адам.
- Қоғамдық жұмыстарға – 114 адам жіберілді, 114 адам аяқталды, оның ішінде 86 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды.
- Ұрпақтар келісімшарты – 1 адам жіберілді. 1 адам аяқталды, оның ішінде 1 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды.
- Бірінші жұмыс орны – 5 адам жіберілді. 4 адам аяқталды, оның ішінде 3 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды. 2023 жылға ауысатын 2 адам.
- Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 28 адам қамтылды. 28 адам бітірді, оның ішінде 3 адам оқудан шығарылды, 23 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, 2 адам ЖК ашты.
- Гранттар беру – Республикалық бюджеттен 18 378,0 мың. теңге сомасына 15 грант берілді. (оның ішінде: 8 жастар, 7 халықтың әлеуметтік осал топтары).
Сондай-ақ, Халықты жұмыспен қамту орталығы тоқсан сайын бос орындар жәрмеңкесін өткізеді, онда бос жұмыс орындары мен белсенді жұмыспен қамту шаралары ұсынылады.
Жылдың басында 4 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, онда 378 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесінде Жұмыспен қамту шараларымен 41 адам қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 28 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 3 адам, әлеуметтік жұмыс орнына -3, жастар практикасына - 5, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға - 2 адам жіберілді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында жұмыс іздеу клубы жұмыс істейді, онда өтініш білдірген азаматтарға ХҚКО мамандары электрондық еңбек биржасының enbek.kz порталын пайдалану бойынша түсіндірмелер мен қадамдық нұсқаулықтар береді.
Этникалық көші-қон
2022 жылғы 31 желтоқсанда қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына 22 отбасы енгізілді, оның ішінде 46 адам.
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгендердің ішінен еңбекке қабілетті жастағы 26 адам, оның ішінде:
- жұмыс істейтін 15 адам,
- 3 үй шаруасындағы әйелдер,
- Бала күтімі бойынша 5,
- 2 студент,
- 1 жұмыссыз ретінде тіркелді, Бастау бизнесін оқыды, грантқа беруді жоспарлап отыр.
NEET жастары
NEET санатындағы жастар саны 128 адам, оның ішінде:
- білім жоқ 10;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 19;
- мүгедектер 44 (мүгедектер 3 гр. – 11);
- бала күтімі бойынша-55.
ХҚКО-ға NEET санатындағы 10 жастар жүгінді, оның ішінде:
- 3 тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды;
- 1 жастар тәжірибесіне бағытталды;
- 3 жұмысқа орналасудан бас тартты;
- 2 декрет;
- 1 бірінші жұмыс орнына жіберілді.
Жаңа жұмыс орындарын құру жоспары 950, оның ішінде:
- 570 тұрақты,
- 380 уақытша.
31.12.2022 жылға 975 жұмыс орны немесе 102,6% құрылды.
Электрондық еңбек шарттары
ЭЕШ толтырған кәсіпорындар саны – 506, жоспар-261. Енгізілген ЭЕШ саны-12456, жоспар 3945.
Жұмыспен қамту
Халық саны – 109 180 адам, оның ішінде:
- экономикалық белсенді-70 685 адам;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-25 566 адам;
- жұмыссыздар – 408 адам, оның ішінде тіркелген-57 адам.
2022 жылдың басынан бастап ХҚКО-ға жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 912 адам жүгінді, олардың 719-ы жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. Оның 604-і немесе 84,0% - ы жұмысқа орналастырылған.