Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

2022 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат

2022 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат

 

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсыну.

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша АӘК 142 отбасына (799 адам) тағайындалды. Төлем 54,764,016 теңге сомасында жүргізілді.

АӘК алушылар қатарынан 244 бала гигиеналық құралдар түріндегі КӘП-пен тоқсанына 1 рет және ай сайын 11 818,000 теңге сомасында азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етілген.

Тұрғын үй көмегі 17 отбасына тағайындалды, оның ішінде 111 адамға 1,499,0 мың теңге сомасында төленді.

Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өтініш бойынша біржолғы және кезең-кезеңімен (ай сайын) адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындау үшін тексеру актісі, учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде 65,002,912 теңге сомасында 3194 азаматқа төлемдер жүргізілді.

128,227,2 т. т. сомасында коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін ауылдық жерлердегі педагогтарға төлемдер жүргізілді.

Қарттар мен мүгедектер күніне арналған айлық кезеңінде мүгедектігі бар адамдар мен ең төменгі зейнетақысы бар зейнеткерлер әлеуметтік қолдаумен қамтылды. Барлығы 26 281,04 мың теңге сомаға 3 452 адам:

Бейімделу:

Целиноград ауданында 2022 жылға ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кешенді бейімделуге жататын 11 кезектегі нысан анықталды.

Бейімделген -11 нысан.

1543,4 мың теңге сомасында үйде тәрбиеленетін және оқитын 28 мүгедек бала материалдық қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік қызметтер порталы:

Мүмкіндігі шектеулі жандарға оңалту құралдарын ұсынудың әлеуметтік қызметі әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілді.

Оңалту жұмысы (ЖОБ орындау) мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі: гигиеналық құралдар, протездік-ортопедиялық көмек, жүріп-тұру құралдары, тифло/сурдо құралдары, санаторлық курорттық емдеу, жестау тіл маманының қызметтері.

Қызметтерге жалпы қажеттілік-526, қызмет көрсетілді -526.

 

Дата публикации
16 января 2023
Дата обновления
16 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы