Целиноград ауданының әкімдігі

Меню

Страницы

Статья

2022 жылға арналған аудандық маңызы бар автожолдар мен елді мекендердің көше-жол желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы АНЫҚТАМА

2022 жылға арналған аудандық маңызы бар автожолдар

мен елді мекендердің көше-жол желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

АНЫҚТАМА

 

Целиноград ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1554 км құрайды, оның 202 км - республикалық маңызы бар Жолдар, 101,6 км - облыстық маңызы бар жолдар, 203,7 км - аудандық маңызы бар жолдар, 1046,7 км - ауылдық елді мекендердің көше-жол желісі.

2022 жылы Целиноград ауданының көлік инфрақұрылымын дамытуға 23 390,2 млн. теңге бөлінді (РБ – 20 028,9 млн.теңге, ОБ – 3 361,3  млн. теңге).

26 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді: 3 – көше-жол желісін салу, 15 – күрделі жөндеу, 7 – орташа жөндеу, 1 – ағымдағы жөндеу, 1 – қардан қорғау қоршауын орнату(бүгінгі күні 1,5 км учаскеде орнатылған), оның ішінде 7 жоба аяқталды.

Жалпы, 2022 жылы 165,2 км жол учаскесі асфальтталды, оның ішінде 155,9 км ауылішілік жолдар (Талапкер – 19,4 км, Қараөткел – 41,8 км, Ы.Алтынсарин – 9 км, Қаражар-16,1 км, Қызылсуат-8,5, Қызылжар - 2,5 км, Жаңажол-11,4, Софиевка – 9,6 км, Қараменді батыр – 3 км, Жаңаесіл-9,9 км, Шалқар – 5,7 км, Отаутускен – 2,3 км, Раздольное-6 км, Жаңа Жайнақ – 5,8 км) және аудандық маңызы бар 9,3 км («Нұресіл-Зеленый Гай» - 7,8 км, «Шұбар ауылына кіреберіс» - 1,5 км).

 Аталған іс-шаралар ауылдық елді мекендердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы көше-жол желісі үлесінің көрсеткішін өткен жылмен салыстырғанда 2 есе арттырды.

Сондай-ақ, 2022 жылы Талапкер, Оразақ ауылдарында көше-жол желісін салу, Қызылсуат, Ы.Алтынсарина, Р. Қошқарбаева, Софиевка ауылдарында күрделі жөндеу (электр жарықтандыру) бойынша жобалар әзірленді. Бұдан басқа Бірлік, Өтеміс, Аққайың, Қабанбай батыр, Төңкеріс ауылдарында жолдарды күрделі жөндеу және Қараөткел ауылында жол құрылысы бойынша әзірленген жобалар бар. Қаражат бөлінгеннен жағдайда 6 елді мекенде 92 көшені жобамен қамту жоспарлануда.

Бұдан басқа, 3 жоба бойынша автомобиль жолдарын салуға және күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу жұмыстары басталды: "Ы.Алтынсарин ауылының кірме жолымен ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу", "Қажымұқан ауылының кіреберіс жолымен ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу", "Қоянды ауылының көше-желісін салу".

2022 жылы 7 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға мердігерлік ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер өткізілді:

- Бірлік ауылының кірме жолымен ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу.

- Аққайың ауылының кірме жолымен ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу.

- Қараөткел ауылының көше-жол желісін салу (2-кезек).

- Қызылсуат ауылының кірме жолымен ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу (2-кезең,электр жарығы).

- Р. Қошқарбаев ауылының кірме жолымен ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу (2-кезең,электр жарығы).

- Софиевка ауылының кірме жолымен ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу (2-кезең,электр жарығы).

- Ы. Алтынсарин ауылының кірме жолымен ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу. (2-кезең,электр жарығы).

2023 жылдың 1-тоқсанында 5 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға мердігерлік ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу жоспарлануда:

  • Талапкер ауылының көше-жол желісін салу (3-кезек).
  • Оразақ ауылының көше-жол желісін салу.
  • Өтеміс ауылының кірме жолымен ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу.
  • Төңкеріс ауылының кірме жолымен ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу.
  • Қабанбай батыр ауылының кірме жолымен ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу.

Бүгінгі таңда Целиноград ауданында 16 елді мекендерде: Қараменді батыр, Шалқар, Отаутускен, Жанесіс, Нұресіл, Жаңажол, Жаңа Жайнақ, Раздольное, Шұбар, Қызылсуат, Зеленый Гай, Садовое, Мәншүк, Приречное және Опан елді мекендерінде толығымен асфальт төселген.

2023 жылы 16 нысан бойынша жұмысты жалғастыру және 12 жоба бойынша іске асыруды бастау жоспарлануда, сондай-ақ 10-нан астам жобаны (аудандық маңызы бар а/ж және ауылішілік) орташа жөндеу бойынша сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды орындау жоспарлануда. 150 шақырымнан астам жолды жөндеу көзделуде.

 

 

Дата публикации
16 января 2023
Дата обновления
16 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 октября 2026
Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты басымдық
25 октября 2026
Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет
25 октября 2026
Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы