Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қызылсуат ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан кадастрлік нөмірі 01-011-045-135 ауданы 731,0 тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін «BIO NORD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген жер телімінің 5,35 гектар болатын бір бөлігін мемлекеттік қажеттіліктер үшін, «Қ.И.Сәтпаев атындағы каналдан Астана қаласына № 4 сорғы-сүзгі станциясын салумен су тарту» объектісін салу үшін. мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге мемлекеттік тіркеу жүргізсін;
2) осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскелерінің иесі немесе міндетті түрде жер пайдаланушысы алдым деген ескертпе алынуымен пошта арқылы жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту мен қосымша мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алынуына байланысты сатып алу келісім – шартының жобасын алуы жөнінде міндетті ескертілсін;
3) мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.
- Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
- Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Целиноград ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.
Целиноград ауданының әкімі Д. Сабырғали