ЖОБА Целиноград ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 211793 болып тіркелген) 228 тармағына сәйкес, Целиноград ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Целиноград ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
  2. «Целиноград ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» Целиноград ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № А-2/301 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6052 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Ж.Т. Толқынбекке жүктелсін.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                            Д. Сабырғали

 

Целиноград ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы
Дата публикации
31 марта 2026