Жоба Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" ШЕШІМ

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары бекітілсін.

2. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданындық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 180/23-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8781-03 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

3. Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастыру.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

жоба Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
11 марта 2026