2026 жылғы 1 наурыз күні Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі әкімін сайлауы өтті.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10 бабына сәйкес, Целиноград ауданының Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Рахымжан Қошқарбаев сайлау округі бойынша
Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі әкімінің сайлауы:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 893 азамат енгізілді, оның 549 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған – 6.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алимжанова Б.К. – 41; Әнәпияев Е.Б. – 37; Рахимбекова К.Д. – 453.
Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі әкімі болып Рахимбекова Қаншайым Дулатқызы сайланды, 1984 жылы туған, ММ «Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» бас маманы, Рахымжан Қошқарбаев ауылында тұрады, өзін-өзі тәртібімен ұсынылған.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы