«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 45 бабына, 46 - баптың 3 тармағына, 113-11 бабының 1 тармағына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 ақпандағы шешімімен 2026 жылғы 08 ақпанда өткен сайлау қорытындысы бойынша Смагулова Арай Сейсенбекқызы Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылдық округінің әкімі болып тіркеліп, Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы А. Айткужина әкім куәлігін табыс етті.