ЖОБА Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 419/56-8 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Целиноград аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 419/56-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 219967 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 11 664 253,3 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 6 859 602,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 47 146,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 113 442,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 2 644 063,3 мың теңге;

2) шығындар – 11 976 961,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 365 471,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 596 850,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 231 379,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -678 179,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
678 179,0 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімдері – 596 850,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 231 379,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 312 708,0 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                              Л. Конарбаева

ЖОБА Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 419/56-8 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
12 февраля 2026