Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 20-бабы 12-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, сайлау комиссиясының мүшесі болып табылатын тіркелген әкім кандидаттарының өкілеттіктері тиісті кандидат тіркелген күннен бастап сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясының шешімімен тоқтатыла тұрады.
Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 7 ақпандағы № 15/120 «Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкіміне кандидатты тіркеу туралы» шешіміне, сондай-ақ Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 7 ақпандағы № 16/62 «Учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерінен босату және учаскелік сайлау комиссиясының жаңа мүшесін уақытша тағайындау туралы» қаулысына сәйкес, Рахимбекова Каншаим Дулатовна 2026 жылғы 1 наурызға тағайындалған Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі әкімі сайлауын дайындау және өткізу кезеңінде № 681 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылды.