2026 жылғы 8 ақпан күні Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылдық округі әкімін сайлауы өтті.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10 бабына сәйкес, Целиноград ауданының Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жарлыкөл сайлау округі бойынша
Жарлыкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1236 азамат енгізілді, оның 775 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 19.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жахмаш Ө. – 87; Смагулова А.С. – 594; Умарова Д.С. – 61.
Жарлыкөл ауылдық округі әкімі болып Смагулова Арай Сейсенбекқызы сайланды, 1989 жылы туған, ММ «Жарлыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» бас маманы, Жалғызқұдық ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы