Ақмола облысы Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

2026 жылғы 3 ақпанда сағат 18.00-де Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Барлығы 6 кандидат ұсынылды,  олардың барлығы (100%) - өзін-өзі ұсынды.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 8 ақпанда сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Ақмола облысы Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
06 февраля 2026