«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары бекітілсін.
2. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданындық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 180/23-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8781-03 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастыру.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.