Целиноград ауданы әкімдігінің Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімін алынуына байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Талапкер ауылында орналасқан «Талапкер ЖТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кадастрлік нөмірі 01-011-014-2599 ауданы 527,3000 гектар ауыл шаруашылығы өндірісі үшін берілген жер телімін, мемлекеттік қажеттіліктер үшін (Целиноград ауданы, Талапкер ауылында «Talapker Industrial Park» өңірлік маңызы бар индустриялық аймағын құру үшін) мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге мемлекеттік тіркеу жүргізсін;

2) осы қаулы жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушысына жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама поштамен, пошталық жөнелтімнің алынғаны туралы хабарламаны міндетті түрде қоса отырып, жіберілсін.;

3) мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.

3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.

4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.

5. Целиноград ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 14 қаңтардағы № А-1/8 «Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімін алынуына байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Целиноград ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.

 

 

Целиноград ауданының әкімі                                                       Д. Сабырғали

Дата публикации
28 января 2026