Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №ЗТ-2025-04528192 өтініш негізінде, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоянды ауылында орналасқан кадастрлік нөмірі 01-011-014-157 ауданы 0,7000 гектар қонақ үйін жобалау және салу үшін «Рауан KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген жер телімін мемлекеттік қажеттіліктер үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге мемлекеттік тіркеу жүргізсін;
2) осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскелерінің иесі немесе міндетті түрде жер пайдаланушысы алдым деген ескертпе алынуымен пошта арқылы жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту мен қосымша мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алынуына байланысты сатып алу келісім – шартының жобасын алуы жөнінде міндетті ескертілсін;
3) мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.
3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
5. Целиноград ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 14 қаңтардағы № А-1/10 «Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімін алынуына байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Целиноград ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.
Целиноград ауданының әкімі Д. Сабырғали