Целиноград ауданы әкімдігінің Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімін алынуына байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, 2025 жылғы  11 желтоқсандағы № ЗТ-2025-04388438 өтініші негізінде Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Арқа-жер-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалануындағы кадастрлық нөмірлері 01-011-014-2966 (28,6, жалпы алаңы 238,0000 га), 01-011-014-2670 (3,0 га, жалпы алаңы 53,0000 га) жер учаскелерінің бір бөліктерін, нысаналы мақсаты — тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу болып табылатын, Қоянды ауылының шекарасында орналасқан жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктері үшін (мал айдау жолдары ) мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге мемлекеттік тіркеу жүргізсін;

2) осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш  күн мерзім  ішінде  жер учаскелерінің иесі немесе  міндетті түрде жер пайдаланушысы алдым деген ескертпе алынуымен пошта арқылы  жер учаскелерін  мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту мен қосымша мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алынуына байланысты сатып алу келісім – шартының жобасын алуы жөнінде міндетті ескертілсін;

3) мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.

3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.

4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.

5. Целиноград ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 14 қаңтардағы № А-1/9 «Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімін алынуына байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Целиноград ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.

 

Целиноград ауданының әкімі                                                      Д. Сабырғали

Дата публикации
28 января 2026