Целиноград ауданы әкімдігінің ҚАУЛЫСЫ Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімін алынуына байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін (мал айдау жолын салу мақсатында) Қоянды ауылында орналасқан, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу мақсатындағы, Марущак Юлия Алексеевна мен Рысқұлов Қайрат Сақышовичтің жер пайдалануындағы кадастрлық нөмірі 01-011-014-2665 болатын, жалпы ауданы 74,0000 гектар жер учаскесінің 7,4 гектар бөлігін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге мемлекеттік тіркеу жүргізсін;

2) осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскелерінің иесі немесе міндетті түрде жер пайдаланушысы алдын ала ескертіле отырып, пошта арқылы жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданудан алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту мен қосымша мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алынуына байланысты сатып алу келісім-шартының жобасын алуы жөнінде міндетті ескертілсін;

3) мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.

3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруна жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.

4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.

5. Целиноград ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 14 қаңтардағы № A-1/11
«Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімін алынуына байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Целиноград ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануына жатады.

 

Целиноград ауданы әкімі                                                    Д. Сабырғали

Дата публикации
28 января 2026