Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 13-бабының 4 тармағына, 14-бабының 6 тармақшасына, 21-бабының 4 тармағына, 22-бабына 2 тармағына, және «Целиноград ауданының Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімін заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімін сайлауын өткізу туралы» Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 21 қаңтардағы №7/57 қаулысы мен Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 25 ақпандағы №6/1 «Целиноград ауданының ауылдар және ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы»  қаулысына сәйкес Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы мен Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы хабарлаймыз.

 

 

Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары

Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Рахымжан Қошқарбаев сайлау округі Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің шекарасында.

 

 

Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Орналасқан жері: Ақмол ауылы, учетный квартал, 019, тел. 8-71651-30-006

Төрағасы - Айтқожина Әсел Алпамысқызы;

Төрағасының орынбасары- Аманжолова Жайнагуль Сергеевна;

Хатшы – Толкынбек Диана Нурлановна;

Комиссия мүшелері - Әлімбаев Қайрат Әділханұлы, Хусаинова Гүлзана Орынбайқызы, Тасбулатов Асылбек Сайранұлы, Шарипов Нариман Ғалымұлы.

 

 

 Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
21 января 2026