«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына, Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №85/52 «Целиноград ауданының Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін сайлауын өткізу туралы» қаулысына, Целиноград ауданы әкімінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 5 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне сәйкес, Жарлыкөл ауылдық округінің сайлау учаскелерінің шекараларын хабарлаймыз.
№660 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Жалғызқұдық ауылы, Бурбах Давид Вильгельмович атындағы көшесі 42, жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты.
Шекаралар: Жалғызқұдық ауылы.
№661 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Жарлыкөл ауылы, Жеңіс көшесі 26/А, жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты.
Шекаралар: Жарлыкөл ауылы.
Целиноград ауданының әкімі Д. Сабырғали