«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабының 4 тармағына, 14-бабының 6 тармақшасына, 21-бабының 4 тармағына, 22-бабына 2 тармағына, және «Целиноград ауданының Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін сайлауын өткізу туралы» Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №85/52 қаулысы мен Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2/1 «Целиноград ауданының ауылдар және ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы мен Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы хабарлаймыз.
Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары
Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Жарлыкөл сайлау округі Жарлыкөл ауылдық округінің шекарасында.
Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмол ауылы, учетный квартал, 019, тел. 8-71651-30-006
Төрайымы - Айтқожина Әсел Алпамысқызы;
Төрайымының орынбасары- Аманжолова Жайнагуль Сергеевна;
Хатшы – Толкынбек Диана Нурлановна;
Комиссия мүшелері - Әлімбаев Қайрат Әділханұлы, Хусаинова Гүлзана Орынбайқызы, Тасбулатов Асылбек Сайранұлы, Шарипов Нариман Ғалымұлы.
Целиноград аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы