Целиноград ауданының Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін сайлауын өткізу туралы 2026 жылғы 8 ақпанда тағайындау туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, 2 және 4 тармақтарына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 85/52 «Целиноград ауданының Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін сайлауын өткізу туралы» қаулысына сәйкес 2026 жылғы 8 ақпанда Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін сайлау тағайындалды.

Сонымен қатар, Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау және өткізу туралы негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілген, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдігінің интернет-парақшасында орналастырылды.

 

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

Целиноград ауданының Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін сайлауын өткізу туралы 2026 жылғы 8 ақпанда тағайындау туралы хабарламасы
Дата публикации
31 декабря 2025