|
2020 жылғы 25 қарашадағы № А-3/349 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы
|
|
Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер
учаскесінің алынуына байланысты
жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын
бастау туралы
|
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының 2016 жылғы 14 қазандағы №60/7-6 маслихатының шешімімен бекітілген, Қосшы ауылының Бас жоспарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қосшы ауылдық округі, Қосшы ауылында орналасқан Каримов Дауылбек Темиржановичтен кадастрлік нөмірі 01-011-016-8419 жер учаскесінің ауданы 1,7006 гектар жер учаскесін жолды жобалау және құрылысын жүргізу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
- Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскесінің мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге заңды талап ретінде мемлекеттік тіркеу жүргізсін;
- осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскесінің иесі немесе жер пайдаланушысына пошта арқылы алдым деген міндетті түрде ескерту хабарламасымен, жер учаскесінің бөлігінің мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту жіберілсін;
- мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.
- Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
- Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
- Осы қаулының орындалуына бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.