2025 жылғы 17 қазандағы № А-10/271 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы
Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер
учаскелерін алынуына байланысты жер
учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын
бастау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 11/2-8 маслихатының шешімімен бекітілген, Талапкер ауылының бас жоспарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талапкер ауылында орналасқан «Талапкер ЖТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, алаңы 242,8749 гектар, кадастрлық нөмірі 01-011-014-166 жер учаскесін елді мекеннің бас жоспарына сәйкес жол инфрақұрылымын, мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар объектілерді жобалау және салу, сондай-ақ халықтың жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне деген қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскелерді мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге заңды талап ретінде мемлекеттік тіркеу жүргізсін;
2) осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскесінің иесі немесе жер пайдаланушыларына пошта арқылы, алдым деген ескерту хабарламасымен, жер учаскелерді мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту алуы жөнінде міндетті ескерту жіберілсін;
3) мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскелерді алынуына байланысты жер учаскелерді мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.
3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі 34 «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерді алынуына байланысты жер учаскелері мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
5.Осы қаулының орындалуына бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары С.Б. Сүлейменовке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.
Целиноград ауданының әкімі Д. Сабырғали