Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына, 2025 жылғы 16 қыркүйектегі шешіммен 2025 жылғы 14 қыркүйекте сайланған әкімдерді тіркеді:
1. Талапкер ауылының әкімі - Кужубаев Мирас Әлібекұлы, 1988 жылы туған, Астана қаласында тұрады.
2. Мәншүк Мәметова ауылының әкімі - Қожабекова Гүляим Сағнайқызы, 1972 жылы туған, Мәншүк Мәметова ауылында тұрады.
3. Қабанбай батыр ауылдық округінің әкімі - Шакенбаева Гүлбану Бахытбекқызы, 1981 жылы туған, Астана қаласында тұрады.
Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы