Целиноград ауданы Талапкер, Мәншүк Мәметова ауылдары мен Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 14 қыркүйек күні Целиноград ауданы Талапкер ауылы әкімі кезекті сайлауын өткізу туралы және Мәншүк Мәметова ауылы және Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдерінің кезектен тыс сайлауы өтті.

Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Целиноград ауданының Талапкер, Мәншүк Мәметова ауылдарының және Қабанбай батыр ауылдық округінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Талапкер ауылы сайлау округі  бойынша Талапкер ауылы әкімінің сайлауы:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3295 азамат енгізілді, оның 512 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 18, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 8.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жахмаш О. – 40; Жеңіс Д. Қ. – 39; Кужубаев М. А. – 407.

Талапкер ауылының әкімі болып Кужубаев Мирас Әлібекұлы сайланды, 1988 жылы туған, Талапкер ауылының әкімі, Астана қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

Мәншүк Мәметова ауылы сайлау округі бойынша Мәншүк Мәметова ауылы әкімінің сайлауы:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 381 азамат енгізілді, оның 361-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Қожабекова  Г. С. – 342; Муратова Э. Н. – 19.

Мәншүк Мәметова ауылының әкімі болып Қожабекова  Гүляим С ағнайқызы сайланды, 1972 жылы туған, «Мәншүк Мәметова ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Мәншүк Мәметова ауылында тұрады,  өзін-өзі ұсынған.

 

Қабанбай батыр сайлау округі бойынша Қабанбай батыр ауылдық округі әкімінің сайлауы:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3480 азамат енгізілді, олардың 459 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 127, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 60.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Тайтолеуова С. А. – 29; Умарова Д. С. – 34; Шакенбаева Г. Б. – 209.

Қабанбай батыр ауылдық округінің әкімі болып Шакенбаева Гүлбану Бахытбекқызы сайланды, 1981 жылы туған, «Saf Altyn K» ЖШС директоры, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

Целиноград аудандық сайлау комиссиясы

 

 

Целиноград ауданы Талапкер, Мәншүк Мәметова ауылдары мен Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
15 сентября 2025