Сайлау жарнасын енгізуге арналған деректемелер

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 104-бабының 1-1-тармағына сәйкес бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және осы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына депозит ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

(2025 жылғы 1 қаңтарға – 85 000 теңге)

 

Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.

«Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34

БСН 991 140 000 872

ЖСК KZ 230 705 031 220 270 002

БИК KKMFKZ2A

«ҚР ҚМ ҚК Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Целиноград аудандық қазынашылық басқармасы» РММ

КНП 119

Коды 12

Төлем мақсаты:

Целиноград аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлау жарнасы Тегі Аты Әкесінің аты

Сайлау жарнасын енгізуге арналған деректемелер
Дата публикации
09 сентября 2025