Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер
телімін алынуына байланысты жер
телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын
бастау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Құқықтық актілер туралы»
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоянды аулының шекарасында, 069 есептік кварталы, жер телімі 5643 мекен жайында орналасқан «Козыкош-2007» ЖШС кадастрлік нөмірі 01-011-069-5643, жалпы ауданы – 174,4664 гектар, оның ішінде табиғи жайылым – 174,4664 гектар, этноаул құрылысы үшін берілген жер телімін, мемлекеттік қажеттіліктер үшін (халықтың жеке аула шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бағуға, соның ішінде ортақ пайдаланудағы жайылымдарда жаюға деген мұқтаждығын қамтамасыз ету) мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге мемлекеттік тіркеу жүргізсін;
2) осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскелерінің иесі немесе міндетті түрде жер пайдаланушысы алдым деген ескертпе алынуымен пошта арқылы жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту мен қосымша мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алынуына байланысты сатып алу келісім – шартының жобасын алуы жөнінде міндетті ескертілсін;
3) мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.
4) Целиноград ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 01 тамыздағы № А-7/186 "Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімін алуына байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары С.Сулейменовке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.
Целиноград ауданы әкімі Д. Сабырғали