«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 4-тармағына, 15-1 – бабының 3-тармағына, 22 – бабының 2-тармағына және 2-1 – тармағына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 27 тамыздағы № 61/41 қаулысымен «№ 3 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Целиноград аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы» қаулысына, Целиноград ауданының аумақтық, округтік сайлау комиссияларының және аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамы мен оның шекаралары мен орналасқан жері көрсетілген сайлау округі туралы ақпарат туралы хабарлаймыз.
Аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, есептік тоқсан 011, 1177 құрылыс, ШЖК МКК «Целиноград Су Арнасы» ғимараты, тел.8(71651) 30-006.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы: төрайымы – Айтқожина Әсел Алпамысқызы; төрайымның орынбасары –Аманжолова Жайнагүл Сергеевна; хатшы – Толкынбек Диана Нұрланқызы; аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері: Әлімбаев Қайрат Әділханұлы, Хусаинова Гүлзана Орынбайқызы, Тасболатов Асылбек Сайранұлы, Шарипов Нариман Ғалымұлы.
№ 3 округтік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Оразақ ауылы, Әубәкіров көшесі 2, орта мектеп ғимараты.
Шекарасы: Оразақ ауылы - № 674 учаскелік сайлау комиссиясы, Бірлік ауылы – № 675 учаскелік сайлау комиссиясы және Ақмол ауылы - № 733 учаскелік сайлау комиссиясы.
Аудандық сайлау комиссиясының құрамы: төраға-Дагманов Мұрат Әбуғалиұлы; төрағаның орынбасары-Ещанова Мейрамкүл Комбарқызы; хатшы-Байжуманова Гүлнұр Темерханқызы; аудандық комиссия мүшелері: Искакова Гүлжан Ерешқызы, Батталова Гүлдарай Қанатқызы
Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы