2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Целиноград аудандық мәслихатының №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Целиноград аудандық сайлау   комиссиясының

   2025 жылғы 27 тамыздағы

    № 61/41 қаулысына қосымша

 

 

 

2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған

Целиноград аудандық  мәслихатының №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

                                                                                                                        

 

1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей

(2-1т. 2-тт., 22-б.)

 

 

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан  әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2025 жылғы 11 қыркүйектен кешіктірмей

                                                                                   (23-б. 5-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ақкөл аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2025 жылғы 11 қыркүйектен кешіктірмей

                                                                         (17-б. 2-т.)

 

 

 

5. №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутатына кандидаттарды ұсыну және №3 округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және де олардың құрылымдық бөлімдері  ( филиалдары және өкілдіктері)

Дауыс беру күніне алпыс күн қалғанда басталып, сайлау күніне отыз күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады 2025 жылғы 27 тамызда басталады және 2025  жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады

 (103-б.)

 

6. Аудандық мәслихат депутаттығына  кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

№3 округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

8. Аудандық мәслихат депутаттығына  кандидаттарды тіркеу

 

№3 округтік  сайлау комиссиясы

Дауыс беру күніне алпыс күн қалғанда басталып, сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2025 жылғы 27 тамызда басталады және 2025  жылғы 30 қыркүйекте  сағат 18.00-де аяқталады

 (104-б)

 

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

№3 округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

 

                                                                                                          

10. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

№3 округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                                             (104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)

 

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

№3 округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6-тт., 31-б.)

 

12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

№3 округтік  сайлау комиссиялары

Кандидат тіркелгеннен кейін 

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

№3 округтік сайлау комиссиясы

Айына екі рет          

                                                                            Ереже 23 т.

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Аудан әкімдігі, аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін,  2025 жылғы 29 қыркүйекке дейін

(28-б. 6-т.)

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025  жылғы 25 қазанда  сағат    00.00-де аяқталады

 (27-б. 2-т.)

 

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін      үй-жайлар    беру   және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімдігі, аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылғы 5 қазан

 (26-1 б. 1-т.)

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2025 жылғы 10 қазаннан бастап

                                                                        (26-б. 1-т.)

 

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                             

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей  

2025 жылғы 15 қазанға дейін

   (18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.)

 

 

 

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу                          

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2025 жылғы 23-25 қазанға дейін

 (37-б. 3-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылғы 26 қазанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

23. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

2025 жылғы  26 қазанда,  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

 

24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде аудандық мәслихат депутатының сайлау   дауыс беру нәтижесі туралы хаттама жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

2025 жылғы 26 қазанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады және  дауыстарды санау басталғаннан бастап және 12 сағаттан аспауға тиiс

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

25. Дауыс беру нәтижесі туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

26. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижесі туралы хаттаманы №3 округтік сайлау комиссиясына ұсыну    

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижесі туралы хаттаманы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

№3 округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (108-б. 1-т.)

 

28. Аудандық мәслихат  депутатының  сайлау қорытындыларын анықтау

 

Аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей

2025 жылғы 28 қазаннан  кешіктірмей                                                                   

(14-б. 9) т., 44-б. 2- т., 108-б. 2-т.)

 

29. Аудандық мәслихат депутаттарының сайлау қорытындысы туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

30. Сайланған аудандық  мәслихат депутаттарын  тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

 (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

 

 

31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  нормаларына сілтемелер берілді.

 

 

                                                                                                                      

2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Целиноград аудандық мәслихатының №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
Дата публикации
27 августа 2025