Целиноград ауданы Талапкер, Мәншүк Мәметова ауылдардың және Қабанбай батыр ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ақпарат

2025 жылғы 24 тамызда сағат 18.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер, Мәншүк Мәметова ауылдардың және Қабанбай батыр ауылдық округі әкім болуға кандидаттарды тіркеу аяқталды.

 

Талапкер ауылы бойынша:

Ұсынылған 3 кандидаттан 3 кандидат тіркелді. Олар:

  • Жахмаш Онер, 1989 жылы туған, «Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Целиноград ауданы Қоянды ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  • Жеңіс Даурен Қайратұлы, 1991 жылы туған, Целиноград ауданының спорт және дене шынықтыру бөлімі ММ басшысы, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  • Кужубаев Мирас Алибекович, 1988 жылы туған, «Талапкер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Талапкер ауылының әкімі, Астана қаласында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

 

Қабанбай батыр ауылдық округы бойынша:

Ұсынылған 3 кандидаттан 3 кандидат тіркелді. Олар:

  • Тайтолеуова Саягуль Алтынбеккызы, 1999 жылғы туған, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты ММ Мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімі» басшысы, Целиноград ауданы Ақмол ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  • Умарова Динара Сабитовна, 1990 жылы туған, Целиноград ауданының Карьер орталығы филиалының директоры, Целиноград ауданы Ақмол ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  • Шакенбаева Гүлбану Бахытбекқызы, 1981 жылы туған, «Saf Altyn Ko» ЖШС-ның директоры, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Мәншүк Мәметова ауылы бойынша:

Ұсынылған 3 кандидаттан 3 кандидат тіркелді. Олар:

  • Искакова Әйгерім Мұратқызы, 1987 жылы туған, «Нұресіл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Целиноград ауданы Нұресіл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  • Қожабекова Гүляим Сағнайқызы, 1972 жылы туған, «Мәншүк Мәметова ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Целиноград ауданы Мәншүк Мәметова ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  • Муратова Эльмира Нураловна, 1982 жылы туған, Целиноград ауданы әкімінің аппараты ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, Целиноград ауданы Ақмол ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Целиноград ауданы Талапкер, Мәншүк Мәметова ауылдардың және Қабанбай батыр ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
25 августа 2025