Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер, Мәншүк Мәметова ауылы және Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 6 тамызда Целиноград ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 14 қыркүйекке Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылы әкімін кезекті сайлауы, және Мәншүк Мәметова ауылы, Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдеріне кезектен тыс сайлауын тағайындады.

Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссиясының құрамы және шекарасы, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары Целиноград аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 8 учаскелік сайлау комиссиялары, 55 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. 2 ауылы және 1 ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 6890 адамды құрайды.

2025 жылдың 7 тамыздан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2025 жылдың 19 тамыздағы жағдай бойынша барлығы 9 кандидат ұсынылды. «AMANAT» партиясынан 1 кандидат, 8 кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы.

Ауыл және округ бойынша:

  • Талапкер ауылы: 1 кандидат «AMANAT» партиясынан, 2 өзін-өзі ұсыну арқылы;
  • Мәншүк Мәметова ауылы: 3 өзін-өзі ұсыну арқылы;
  • Қабанбай батыр ауылдық округі: 3 өзін-өзі ұсыну арқылы;

Талапкер, Мәншүк Мәметова ауылдары және Қабанбай батыр ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 19 тамызда сағат  18:00-де аяқталды.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес үміткерлерді тіркеу 2025 жылдың 24 тамызға дейін сағат 18-00-ге дейін жалғасады.

Целиноград ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер, Мәншүк Мәметова ауылы және Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
20 августа 2025