Целиноград ауданының Талапкер ауылы әкімі кезекті сайлауын өткізу туралы және Мәншүк Мәметова ауылы және Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдерінің кезектен тыс сайлауын 2025 жылғы 14 қыркүйекте тағайындау туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 1 және 3 тармақшасына, 2 және 4 тармақтарына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 6 тамыздағы № 53/37 «Целиноград ауданының Талапкер ауылы әкімі кезекті сайлауын өткізу туралы және Мәншүк Мәметова ауылы және Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдерінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес 2025 жылғы 14 қыркүйекте Талапкер, Мәншүк Мәметова аулының және Қабанбай батыр ауылдық округінің әкімдерін сайлау тағайындалды.

Сонымен қатар, Талапкер ауылы әкімі кезекті сайлауын өткізу туралы және Мәншүк Мәметова ауылы және Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдерінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу туралы негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілген, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдігінің интернет-парақшасында орналастырылды.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Целиноград ауданының Талапкер ауылы әкімі кезекті сайлауын өткізу туралы және Мәншүк Мәметова ауылы және Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдерінің кезектен тыс сайлауын 2025 жылғы 14 қыркүйекте тағайындау туралы хабарламасы
Дата публикации
06 августа 2025