«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 4 маусымда Целиноград ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 13 шілдеге Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол, Ақжар, Оразақ, Шалқар ауылдық округі әкімдеріне сайлауын тағайындады.
Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссиясының құрамы және шекарасы, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары Целиноград аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 12 учаскелік сайлау комиссиялары, 75 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. 4 ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 7 985 адамды құрайды.
2025 жылдың 5 маусымнан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2025 жылдың 17 маусымдағы жағдай бойынша барлығы 17 кандидат ұсынылды. «AMANAT» партиясынан 2 кандидат, 15 кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы.
Округ бойынша:
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 17 маусымда сағат 18:00-де аяқталды.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес үміткерлерді тіркеу 2025 жылдың 22 маусымға дейін сағат 18-00-ге дейін жалғасады.
Целиноград ауданының аумақтық сайлау комиссиясы