Ақжар ауылдық округі әкіміне кандидат Амангелді Бақытбекұлы Ахыновтың және Оразақ ауылдық округі әкіміне кандидат Азамат Серікұлы Мукушевтің тіркеуінің күшін жою туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабы 11-тармағының 8-тармақшасына сәйкес және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2025 жылғы 27 маусымдағы №мкб-03/2384 хатына сәйкес, Ақжар ауылдық округі әкіміне кандидат А.Ахынов ұсынған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтердің анықталуына байланысты, сондай-ақ жоғарыда аталған Конституциялық заңның 113-6-бабы 1-тармағына және тиісті өтініштеріне сәйкес, Целиноград аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1) 2025 жылғы 21 маусымдағы №29/42 шешімінің күшін жойып, Ақжар ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде Амангелді Бақытбекұлы Ахыновтың тіркеуі күшін жойылсын (01.06.2025 ж. декларациядағы сәйкессіздіктерге байланысты).

2) 2025 жылғы 21 маусымдағы №29/45 шешімінің күшін жойып, Оразақ ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде Азамат Серікұлы Мукушевтің тіркеуі оның өтініші негізінде күші жойылсын.

3) Ақжар ауылдық округі әкіміне кандидат Амангелді Бақытбекұлы Ақыновтың және Оразақ ауылдық округі әкіміне кандидат Азамат Серікұлы Мукүшевтің тіркеуінің күшін жою туралы осы хабарлама аудандық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында жариялансын.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Ақжар ауылдық округі әкіміне кандидат Амангелді Бақытбекұлы Ахыновтың және Оразақ ауылдық округі әкіміне кандидат Азамат Серікұлы Мукушевтің тіркеуінің күшін жою туралы хабарлама
Дата публикации
01 июля 2025