Целиноград ауданының Ақмол, Ақжар, Оразақ және Шалқар ауылдық округтерінің әкімдерін кезекті сайлауды 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындау туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, 2 және 4 тармақтарына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 маусымдағы № 14/27 «Целиноград ауданының Ақмол, Ақжар, Оразақ және Шалқар ауылдық округтерінің әкімдерін кезекті сайлау тағайындау туралы» қаулысына сәйкес 2025 жылғы 13 шілдеге Ақмол, Ақжар, Оразақ және Шалқар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау тағайындалды.

Сонымен қатар, Ақмол, Ақжар, Оразақ және Шалқар ауылдық округтерінің әкімдерін кезекті сайлауын дайындау және өткізу туралы негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілген, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдігінің интернет-парақшасында орналастырылды.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Целиноград ауданының Ақмол, Ақжар, Оразақ және Шалқар ауылдық округтерінің әкімдерін кезекті сайлауды 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындау туралы хабарламасы
Дата публикации
04 июня 2025