Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 129/16-6 «Целиноград ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын бес айлық есептік көрсеткішке тең.».