Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 тамыздағы
№ 72/10-8 «Целиноград ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2023 жылғы 24 тамыздағы № 72/10-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8614-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын бес айлық есептік көрсеткішке тең.».
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.