Мемлекет мұқтажы үшін
телімінің бөлігін мәжбүрлеп
иеліктен шығаруын бастау туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жалпы ауданы 81,38 гектар жер учаскелерінің бөліктерін мемлекет мұқтажы үшін, «Қ.И. Сатпаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін № 4 сорғы-сүзгі станциясын салумен су құбыры» объектісін салу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды басталсын.
2. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңды талап ретінде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны мемлекеттік тіркеуді;
2) жер пайдаланушыға осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны пошта арқылы жіберу, пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаны міндетті түрде алу;
3) жер пайдаланушының не уәкілетті мемлекеттік органның және ұйымның иеліктен шығарылатын жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімде беруі;
4) иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін алған күннен бастап бір ай ішінде мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің құнын бағалауды жүргізу;
5) мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің құнын бағалау нәтижелері бойынша он жұмыс күні ішінде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарттың жобасын дайындау және пошта жөнелтілімін табыс ету туралы хабарламаны міндетті түрде ала отырып, оны меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға пошта арқылы жіберу;
6) жер пайдаланушы қаулымен келіспеген кезде немесе жазбаша хабарлама алған сәттен бастап үш ай өткеннен кейін, бірақ қаулыда айқындалған мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру мерзімінен (күнінен) кешіктірмей жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жасасудан бас тартқан кезде, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа талап қоюды жолдау;
7) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімінің жариялылығын сақтау;
8) жер пайдаланушыдан шарттың жобасымен келісу туралы жазбаша өтінішті алған сәттен бастап бір ай ішінде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарттың жобасын келісу үшін Целиноград ауданының мәслихатына жіберуге міндетті.
3. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер пайдаланушылардың жүгіну орны болып Ақмол ауылы, Наурыз көшесі 34 мекенжайында орналасқан «Ақмола облысы Целиноград әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
4. Осы қаулы жарияланған күннен бастап үш айдан кешіктірмей жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. А. Нұртазинге жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі және ол қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
Целиноград ауданының әкімі Д. Сабырғали