Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер
учаскелерін алынуына байланысты жер
учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 246/36-6 маслихатының шешімімен бекітілген, Қоянды ауылының бас жоспарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ЖСШ «Агрофирма TNK»-дан кадастрлік нөмірі 01-011-014-1108 Коянды ауылы, 014 есептік квартал, 1108 жер телімінде орналасқан ауданы 155,0000 гектар, жер учаскесін елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарына немесе схемасына сәйкес жеке тұрғын үй салу үшін халықтың жер учаскелері деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге заңды талап ретінде мемлекеттік тіркеу жүргізсін;
2) осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскесінің иесі немесе жер пайдаланушыларына пошта арқылы, алдым деген ескерту хабарламасымен, жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту алуы жөнінде міндетті ескерту жіберілсін;
3) мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскесінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.
3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі 34 «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. А. Нұртазинға жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.
Целиноград ауданының әкімі Д. Сабырғалиабырғали