2025 жылғы 19 қаңтарда Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылардың жалпы саны: 1524
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жаңаесіл сайлау округі
Жаңаесіл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1524 азамат енгізілді, олардың 641 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 26, «Бәріне қарсы» жолында белгісі бар - 69.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жанатаев А.И. – 478; Жунусова С.М. – 35; Кинтонова А.М. – 33.
Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылдық округінің әкімі Айтпай Ильич Жанатаев болып сайланды. 1964 жылы туған. «Ақ мырза» шаруа қожалығының басшысы. Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.