Целиноград аудандық сайлау комиссиясының Жаңаесіл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабарламасы

2024 жылғы 29-желтоқсан сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Целиноград ауданының сайлау комиссиясы Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылдық округі ауылдарының әкіміне ұсынылған 5 кандидаттан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегендіктен -1 кандидат, құжаттардың толық бермеуіне салдарынан -1 кандидат алынып тасталды.

Целиноград аудандық сайлау комиссиясы  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына  сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап әкімдерге кандидаттар ретінде тіркелді:

 

Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)  

Туған жылы

 Атқаратын лауазымы (кәсібі), жұмыс орны және тұрғылықты жері

Жаңаесіл ауылдық округі

Жанатаев

Айтпай Ильич

 

1964

«Ақ мырза» шаруа қожалығының басшысы

Жунусова

 Салтанат Майданқызы

 

 

1972

«Целиноград ауданы Тасты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы

Кинтонова

Әсел Маратқызы

 

 

1982

«Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы

                    

Барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.

2024 жылдың 29 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 18 қантар жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» №12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.

Целиноград аудандық сайлау комиссиясының Жаңаесіл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабарламасы
Дата публикации
30 декабря 2024