Ақмола облысы Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылғы 11 желтоқсанда Целиноград ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 19 қантарға Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Жаңаесіл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.

Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссиясының құрамы және шекарасы, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары Целиноград аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 3 учаскелік сайлау комиссиялары, 22 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Жаңаесіл ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 1524 адамды құрайды.

2024 жылдың 12 желтоқсаннан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2024 жылдың 24 желтоқсандағы жағдай бойынша барлығы 5 кандидат ұсынылды. Барлық 5 кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы.

Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18:00-де аяқталды.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес үміткерлерді тіркеу 2024 жылдың 29 желтоқсанға дейін сағат 18-00-ге дейін жалғасады.

Целиноград ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Ақмола облысы Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
27 декабря 2024