Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Целиноград ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы ЖОБА

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

 

Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Целиноград ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Целиноград ауданы азаматтарының келесі санаттарына тегін жолақы түрінде жеңілдік белгіленсін:

1) кәмелетке толмаған бірге тұратын төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға (заңды өкілдерінің біріне); 

2) көп балалы отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға.                                              

2. Қаржыландыру көзі болып Целиноград ауданының бюджеті анықталсын.

3. Осы бірлескен Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы және Целиноград аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Целиноград ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы ЖОБА
Дата публикации
03 декабря 2024