Қазақстан Республикасының Жер кодексің 84 бабының 2 тармағының 4-1 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15 бабына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Талапкер ЖТ» Жауапкершілігі шектеулі серітестіктің жер пайдалану құқығындағы Талапкер ауылы шеңберінде орналасқан жер телімдерінен мемлекет мұқтажы үшін, Целиноград ауданы бойынша жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдарға, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдарға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін жалпы ауданы – 1091,0 гектар жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруы басталсын.
2. «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге мемлекеттік тіркеу жүргізсін;
2) осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскелерінің міндетті түрде жер пайдаланушысы алдым деген ескертпе алынуымен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін қолданыстан алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту берілсін;
3) мемлекет мұқтажы үшін учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.
3. Жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.Нұртазинге жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде Целиноград ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялануына жатады.
Целиноград ауданы әкімі Д. Сабырғали
Қосымша
Целиноград ауданы әкімдігінің
2024 жыл _______қарашадағы
№________ Қаулыға
|
Кадастрлық нөмір |
Жер пайдаланушының/меншік иесінің атауы |
Жер учаскесінің ауданы (га) |
Алынатын жер учаскесінің ауданы (га) |
|
01-011-018-1513 |
«Талапкер ЖТ» ЖШС |
156,0 |
156,0 |
|
01-011-014-167 |
«Талапкер ЖТ» ЖШС |
527,0 |
527,0 |
|
01-011-014-2601 |
«Талапкер ЖТ» ЖШС |
211,70 |
160,0 |
|
01-011-014-2591 |
«Талапкер ЖТ» ЖШС |
48,0 |
48,0 |
|
01-011-014-2599 |
«Талапкер ЖТ» ЖШС |
527,30 |
200,0 |
|
Барлығы |
|
1470,0 |
1091 |