Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 17 қарашада Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылардың жалпы саны: 5088

Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Қараөткел сайлау округі

Қараөткел ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5088 азамат енгізілді, олардың 1596-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Бәріне қарсы» жолында белгісі бар - 86.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абзалбеков Б.С. – 1255; Алимжанова Б.К. - 247.       

Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округінің әкімі Бауыржан Сүндетбайұлы Абзалбеков болып сайланды. 1981 жылы туған. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті мониторинг және үйлестіру басқармасының мемлекеттік қызметшісі. Целиноград ауданы Қараөткел ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

 

Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
18 ноября 2024