27-тамызда сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Целиноград ауданының сайлау комиссиясы Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкіміне ұсынылған 3 кандидаттан 3 кандидат тіркелді.
Әкімдерге кандидаттар ретінде тіркелу:
|
Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) |
Туған жылы |
Атқаратын лауазымы (кәсібі), жұмыс орны және тұрғылықты жері |
|
Қараөткел ауылдық округі |
||
|
Абзалбеков Бауржан Сундетбаевич |
1981 |
ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті мониторинг және үйлестіру бөлімінің бас сарапшысы |
|
Алимжанова Ботагоз Кадыркеевна |
1982 |
«Нұресіл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы |
|
Рахимбекова Каншаим Дулатовна |
1984 |
«Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы |
Барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.
2024 жылдың 27 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 16 қарашада жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» №12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.